Алматы тұрғындарының 23% иммунитет қалыптасты – Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте мегаполис тұрғындарының 23 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет қалаптасқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда қазір 23%-ды иммунды қабат қалыптасты. Халықтың 18%-ы вакцина алды, 5%-ы ауырып жазылғандар.

«Маусым айы басталғалы Алматыда коронавирус жұқпасының тарауы екі есе азайды. Соңғы тәулікте коронавирустың 112 жағдайы тіркелді. Наурыз айында – 9,5 мың жағдай, сәуірде 20 мыңға дейін жеткен. Қазір аурушаңдық деңгейі төмендеп, тұрақтанды. Бұл қалада коронавирусқа қарсы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оның ішінде халықты жаппай вакциналау бар», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу қарқыны тұрақты екенін атап өтті.

«Соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды. Бұл «жасыл аймақ» параметрлеріне сай», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар