Алматы тұрғындарына селден келер қауіп жоқ – ТЖК

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындарына селден келер қауіп жоқ. Қарғалы өзенінің суы әдеттегідей ағып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуеден барлаудың соңғы деректері бойынша, №1 көліндегі су деңгейі 6-7 метрге түскені анықталды. Ағып шыққан су көлемі 20 - 25 мың текше метр шамасында. Сел қаупі маусымның басынан бергі және 14 тамызда жүргізілген шаралар нәтижесінде көл деңгейі 42 мың текше метрге төмендеді.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары осы құбылысты «сел тасқыны» деп жіктейді. Сондықтан сел ағызып кеткен заттар (тастар, лай, ағаш, сынық бөліктер, т.б.) болған жоқ.

Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында су ағызудың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету және қадағалау үшін бұрын тағайындалған күштер мен инженерлік техникалар кезекшілік атқарады», - деп мәлімдеді ТЖК.

Комитет қала тұрғындарына келер қауіп жоқ, Қарғалы өзені әдеттегі қалыбында ағады деп сендірді.

«Ағаштар, көшелер және басқа да нысандарды су ағызып кету жағдайлары тіркелген жоқ. Қала әкімінің келісімімен жедел штабтың жұмысы тоқтатылды, жағдайды Алматы ТЖД бақылап отыр», - деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматының Наурызбай ауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды.

Соған байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы селдің беті қайтқанын мәлімдеді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы қаласына №1 мореналық көлден еш қауіп жоқ екенін айтты.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар