Алматы тұрғындарына 128 млн теңгеге жалған түбіртек келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындарына 128 млн теңгеге жалған түбіртек келген. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы мемлекеттік кіріс департаментінің және қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері прокуратураның талабына сәйкес әкімшілік айыппұл көлеміне тексеру жүргізді. Атап айтқанда, бейнефиксация бойынша «АИПС контроль» мен «Штраф клиент» базалары арқылы полиция қызметкерлерінің өшірген айыппұлдары біріккен салықтық ақпараттық жүйеге түскен-түспегені тексерілді. Нәтижесінде, 8 341 түбіртек бойынша 128 062 030 теңге түсім түспегені белгілі болды. Яғни, «QAZAQ BANKI» АҚ Алматы қалалық филиалының, ПБП-10 Қазпошта бөлімшесінің, «Fortebank» АҚ бөлімшесінің 8 341 жалған түбіртегі анықталды. Тексеру нәтижесінде аталған дерек ҚР ҚК 232-бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеліп, қалалық МКД-ға тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар