Алматы тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр
2021 жылғы 30 қараша 19:53

Алматы тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінде Алматының сумен жабдықтау жүйесі - Қазақстандағы ең ірі жүйе. Ол қаланың және облыстың іргелес аудандарының 2 млн астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Бұл туралы Алматы әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мегаполисте су құбыры мен кәріздің инженерлік желілерінің кең ауқымды құрылысымен бір мезгілде ауызсу көздерін кеңейту бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр.

«Судың сапасын жақсарту және оның Наурызбай ауданының шағын аудандарына үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету үшін фильтрлі станциясы бар. «Қарғалы» су тарту құрылысының реконструкциясы аяқталып қалды. Қуаты - тәулігіне 15 мың текше метр болатын жаңа су дайындау станциясы Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарының 28 мың тұрғынын сумен қамтуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімнің орынбасары.

Келесі жылы Ақсай өзенінде Наурызбай ауданының 42 мың тұрғынын қамтитын осындай ғимараттың құрылысы басталады.

Сондай-ақ Бостандық ауданында Ерменсай, Бағаналы, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка және Энергетик шағын аудандарының 22 мың тұрғыны үшін су жинау жобасын әзірлеу аяқталуда.

«Бостандық ауданының жоғарғы бөлігінің су құбыры және кәріз желілерін қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл тұрғындарды сапалы сумен және олардың үйлерін сумен үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді спикер.

Сондай-ақ ол қала тұрғындарын инженерлік желілер құрылысына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Спикер инженерлік желілерді төсеу кезінде құрылысшылар бірегей шешімді талап ететін түрлі қиындықтарға тап болатынын атап өтті.

«Мәселен, қолданыстағы инженерлік коммуникациялар желілері қаланың төменгі бөлігінде бар болғандықтан, құрылыс барысы қиындап отыр. Кабельдік желілерге немесе ескі сумен жабдықтау немесе кәріз желілеріне зақым келтірмеу үшін құрылысшылар абай болуы керек, өйткені бұл қала тұрғындарының құрылыс мерзімдеріне деген наразылығын тудыруы мүмкін. Таулы жерлердегі құрылысты инженерлік желілерді орналастыруға арналған жеткілікті дәліздің болмауы секілді қиын жағдайлар, тасты топырақтар қиындатады», - деді ол.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT