Алматы тұрғындары «Жизель» операсын француз өнерпаздарының орындауында тамашалайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға француз балет өнерінің жұлдыздары - Париж Гарнье операсының солистері Людмила Паглиеро, Джошуа Хоффальт келді. Өнерпаздар ертең ертең кешкі сағат 19:00-де Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық театрда Адольф Аданның «Жизель» туындысын сахналайды.

«Францияның Қазақстандағы консулдығы Қазақстанда әлемдік өнердің жұлдыздарын шақыруға мүмкіндік алғанына өте қуанышты. Бұл шара Францияның Қазақстандағы жылы аясында өткізіліп отыр. Келесі аптада Қазақстанда француз киносының күндері өтеді», - деді Францияның Қазақстандағы бас консулы Патрик Ренар.

Концертті ұйымдастыруға Art Classic компаниясы мұрындық болып отыр.

Соңғы жаңалықтар