Алматы тұрғындары үшін 2014 жыл табысты жыл болды - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен оның тұрғындары үшін 2014 жыл өте табысты жыл болды. Бұл туралы қала халқын Жаңа жылмен құттықтау барысында әкім Ахметжан Есімов айтты.

«Алдымызға қойған барлық дерлік міндеттеріміз бен жоспарларымыз орындалды. Жыл бойы қаланың барлық экономика саласында жоғары даму қарқыны сақталып келді. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту белсенді жүргізілді. Биыл қаламызда жарияланған білім жылы аясында бірқатар жоғары жетістіктерге жеттік», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, өткен жыл мәдени оқиғаларға да бай болды.

«Біз қаламызда халықаралық дәрежедегі көптеген маңызды шараларды өткіздік. Олардың көпшілігі «Достастық елдерінің мәдени Астанасы» атағына әбден лайық десек артық емес. Осының бәрі өз еңбегімен, өмірімен, талантымен үлес қосқан әр алматылықтың арқасында жүзеге асты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «ересек өмірге емтиханнан өту үшін біз бір-бірімізге достықпен қарап, өзара бірлігімізді нығайтуымыз керек. Бұл Қазақстанның бақытты болашағының кілті». Біздің әр жетістігіміз келесі жылы да жалғасын тапсын», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар