Алматы тұрғындары мүлікті заңдастыруға 150 млн теңге жұмсады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары биыл мүлікті заңдастыруға 150 млн теңге жұмсады. Бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жариялады.

Жыл басынан бері аудандық комиссиялардың қарауына 16 150 өтініш түскен. Өтініштер саны бойынша Алатау ауданы көшбасшы болып тұр. Мұнда 5129 өтініш қабылданды, 67 741 778 мың теңгеге 4158 нысан жария етілді. Одан кейін Медеу ауданы бойынша 2829 өтініш қабылданды, оның ішінде 1160 нысан бойынша құжат мақұлданып, 18 748 124 мың теңге сомасына заңдастырылды. Наурызбай ауданының тұрғындары 2213 өтініш жіберген. Оның 980-і мақұлданып, тұрғындар 21 965 477 мың теңгеге мүлкін заңдастырды. Алмалы ауданы бойынша 313 өтініш қабылданды, оның ішінде 115 нысан 2 813 648 мың теңге сомасына жария етілді. Әуезов ауданы тұрғындарынан 664 өтініш қабылданды. 459 нысанды заңдастыруға аудан тұрғындары 15 345 063 мың теңге жұмсады. Бостандық ауданы бойынша 974 өтініш түскен. 548 нысанды заңдастыруға тұрғындар 7 153 220 мың теңге жұмсады. Жетісу ауданы тұрғындарынан 1507 өтініш қабылданып, 699 нысанды заңдастыруға тұрғындар 7 029 317 мың теңге жұмсады. Түрксіб ауданы бойынша 2521 өтініш қабылданса, оның 946-сын заңдастыру үшін 5 077 506 мың теңге мемлекет қазынасына құйылды.

Соңғы жаңалықтар