Алматы тұрғындары емен және қарағашты отап тастағандарға наразылық білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Sulpak сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Sulpak және Small түнгі 4.00-те 10 емен ағашын заңсыз кесіп тастады. Енді олар бұл істі жымын білдірмей жауып тастағысы келіп жатыр. Бұл оқиға 22 қарашада болған», - деді Instagram-дағы жазбада. Бұл оқиғаға байланысты әкімдік түсінік берді.
Олардың айтуынша, Төлеби көшесіндегі 187-үйде орналасқан ғимараттың жанындағы талдарды кесуге рұқсат берілмеген.
«Қазір аудан әкімдігі мен Полиция департаменті кесілген ағаштардың тұқымы мен сапасын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айыпты тұлғалар анықталған соң Полиция департаменті оларды жауапкершілікке тартады. Толығырақ ақпаратты анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз», - деді әкімдіктен.
- Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты
- Нариман Табынбаев коронавируспен күрес жұмысының нәтижесі туралы айтты
- Алматыға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 13 мың жолаушы келген
- Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды
-
Алматылықтар коронавирусты театр мен кинотеатрларда жұқтыра бастады – Бекшин
-
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсуде– Нариман Табынбаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам