Алматы тұрғындары әйнектен жасалған экспонаттарды тамашалауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «Қазіргі мозаика өнерінің дамуы» атты шыныдан бұйым жасау өнерінің V көрменің ашылуы өтті.

Келушілер назарына қазақстандық 8 автордың тиффани, фриволите, шыныға жазу, көркем бедерлеу, мозаика, айна техникасындағы еңбектері, декоративті интерьер бұйымдары, кәдесыйлар ұсынылған.

Сонымен қатар, көрмеге болгариялық суретші Стойчо Тойчевтің еңбектері де қойылды.

«Шыны ерекше физикалық және декоративтік қасиеттерге ие табиғи материал болып табылады. Ол адамның көңіл күйін бере алады. Сондықтан, адамдар онымен көнеден бері айналысып келеді. Бұл өнер алматылықтар арасында да үлкен қызығушылық туғызуда. Бүгін көрменің ашылуына байланысты көрмеге кіру тегін болды. Бірақ, ертеңнен бастап кіру құны 350 теңге болады. Бірінші күні бұйымдарды тамашалауға 100 адам келді», - деді ұйымдастырушылардың бірі суретші-монументалист Жанна Тыныбекова.

Көрме 21 сәуірге дейін жалғасады. Аптаның дүйсенбі күндері ғана мұражай жабық болады.

Соңғы жаңалықтар