Алматы туралы смартфонға шақталған ойын пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа Photograd викториналық ойынында алматылықтар туған қаласының тарихы мен мәдениеті туралы білімін сынай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.

Ойынға бірнеше адам қатысса болады. Жеңімпаздарға жақсы сыйлықтар беріледі.

«Сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға сыйлық беріледі. Бұл жобаға мәдениет, тарих саласындағы біздің серіктестеріміз демеуші болады. Ойынның арқасында Алматы туралы тереңірек ақпарат алуға болады. Әр сұрақ суреттермен көркемделеді. Photograd атауының өзі содан шығады. Енді үнемі келіп тұратын қонақтар қаланың көшелері мен мекенжайларын адаспай табатын болады», - деді қосымшаны ойлап тапқан команданың өкілі Бинұр Мәкеев.null 

Бір қызығы ойында көп алма жинағандар оларды кейін шынайы сыйлықтарға ауыстыра алады.

«Ең бастапқы капитал ретінде әр қатысушыға 15 алма беріледі. Әрбір жеңіс үшін 1 алма беріліп отырады. Мәселен 30 алма жинағанда оны «Қайрат» клубының өз алаңындағы матчтарына билетке ауыстыруға болады. Ал 60 алмаға «Арман» кинотеатрына билет алуға болады. Біздің негізгі әріптестеріміз осы Алматыдағы ұйымдар. Жақында қатарымызға зообақ, цирк, музейлер мен кинотеатрлар қосылады»,- деді Б.Мәкеев.

Ұйымдастырушылар желтоқсанда бұл ойынды Android жүйесіне шығармақшы. Ал әзірге Айфон смартфондарына арналған ойынды мына сілтемеден көшіруге алады.

Соңғы жаңалықтар