+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматы: Туберкулезге шалдыққан оқушының анасы манту-сынамасын салдыртпаған

2018 жылғы 19 наурыз 14:08
Бөлісіңіз:
Алматы: Туберкулезге шалдыққан оқушының анасы манту-сынамасын салдыртпаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің мамандары туберкулезге шалдыққан мектеп оқушысының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, №83 мектептің 3-сынып оқушысына «лимфа түйіндерінің туберкулезі» диагнозы қойылған.

«Бұл ауру жұқпалы емес. Себебі ол өкпе туберкулезінің түріне жатпайды. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аталған мектепте биыл да, былтыр да туберкулезбен ауырған адам болмағаны анықталды. Бала еш жерден жұқтырмаған. Ауру баланың иммунитетінің әлсіреуінен пайда болған», - деді А.Молдақасымова.

Оның айтуынша, былтыр баланың ата-анасы манту реакциясын жасатудан бас тартқан.

«Егер манту сынағы жасалса, баланың ауруын ерте бастан анықтау мүмкін болар еді. Қазір көп ата-аналар БЦЖ мантуынан бас тартып жатыр. Оның арты осындай салдарға әкеп соғады. Аурудың белгілеріне келсек, олар - 2-3 аптаға созылған жөтел, әлсіздік, тершеңдік, бірқалыпты көтеріңкі дене қызуы. Қазір бала туберкулез диспансерінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Ал оның сыныптастары түгел дәрігерлердің бақылауында», - деді Айзат Молдақасымова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT