Алматы трагедиясы: Зардап шеккен дәрігерлерге, полицейлер мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін беріледі
2022 жылғы 20 қаңтар 11:33

Алматы трагедиясы: Зардап шеккен дәрігерлерге, полицейлер мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін қаражат беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Әкімнің айтуынша, зардап шеккендерге келген шығын өтеліп, қолдау көрсетіледі.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар екі миллион теңге, орташа жарақат алғандар - бір миллион, жеңіл жарақат алғандар - бес жүз мың теңге алады», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT