Алматы трагедиясы: Терроризм актісі бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексеруге ерекше назар аударып отыр. Ел бойынша жалпы саны анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әрбір факт тиісті құқықтық баға берумен мұқият тергеп-тексеріледі.

ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік хаттама толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауапқа 4918 адам тартылды.

Оның ішінде 1978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ы ескертілді.

Соттардың қарауында 2048 материал бар.

Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актісі, 34 – жаппай тәртіпсіздік, 15 - адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар