Алматы трагедиясы: Лаңкестер полиция департаментін басып алу үшін 27 рет шабуыл жасаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға 27 рет әрекет жасалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні содырлардың Полиция департаментінің, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметінің ғимаратын қарулы топ басып алуға әрекеттенді. Осыған байланысты ғимаратты қорғау және әскери қарудың ұрланбауы үшін шабуыл жасағандарға оқ атылды. Мен өзім Полиция департаментінде болдым. Ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл жасағанын санадық. Қылмыскерлер техниканы, джиптер мен КамАз көліктерін қолданды», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, шабуылдарды қару-жарақ пен ұрыс әдістерін меңгерген, кәсіби дайындалған адамдар жасаған. Түнде олар осал жерлерді іздеді. Шабуыл таңертеңге дейін жалғасты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.

Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар