Алматы трагедиясы: Қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың 5-і күні таңға дейін қала полициясы мен Ұлттық ұланның күшімен барлық барикадалар толығымен жойылып, жолдарды жауып тұрған көліктер шығарылды. Қалада тәртіп орнады. Сонымен қатар, 5 қаңтар күні таңертең әр аудан мен мен шет аймақтардан қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды. Олардың жүріп өтуіне жол бермеу үшін Төле би, Назарбаев, Саин, Райымбек, Сейфуллин көшелерінде қоршаулар қойылды. Сандық артықшылық пен қаруды пайдалана отырып, қызметкерлердің жанқиярлық әрекеттеріне және қолданған арнайы техникаға қарамастан, олар бірнеше қорғаныс шебін бұзып өтіп, полицейлерге дене жарақатын салып, көліктерге зақым келтірді», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға әрекеттенді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар