Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Б. Құтпанов лауазымынан босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ТЖД басшысы Берік Құтпанов лауазымынан босатылды. Бұл ақпаратты ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Құтпанов Берік лауазымынан босатылып, ІІМ ТЖ комитетінің резервіне тіркелді», - деді Р.Иманқұлов.

Алматы қалалық департаментінің басшылығының міндетін орынбасар Нұрлан Мадьяров атқаратын болады. Фото: dchs-almaty.kz

Соңғы жаңалықтар