«Алматы-Термез» трассасында жолаушылар автобусы жанып кетті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – «Алматы-Термез» күре жолында жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Оқиға 27 қыркүйек күні сағат 21:36-да Түркістан облысының Түлкібас ауданында, «Алматы-Термез» трассасының 597-інші шақырымында болған.

«Сарыағаш-Алматы» бағытындағы Yutong маркалы жолаушылар автобусынан өрт шықты. Салонда барлығы 34 жолаушы болған. Өрт сөндірушілер жеткенше жолаушылар өз беттерімен эвакуацияланып үлгерген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың күшімен жалынның таралуы сағат 22:13-те тоқтатылып, 22:25-те толығымен сөндірілді», - деді ресми өкіл.

Тілсіз жаумен күреске Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 адам мен 3 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар