Алматы тексеру комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне Мейірзат Қалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тағайындау VI шақырылымдағы қалалық мәслихаты XXIII сессиясының шешіміне сәйкес республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын Есеп  комитетінің ұсынысымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жасалды.

Бұған дейін  комиссияны басқарып келген Елқайыр Қабылрахымұлы Сыздықов 2017 жылдың 11 желтоқсанында зейнеткерлік жасқа жететініне байланысты қызметінен босатылды.

Мейірзат Рахымбекұлының Қалиев құқықтану және қаржы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Әділет министрлігінің департаментінде, республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын Есеп  комитетінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтерді  атқарған. Соңғы екі жылда Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар