Алматы театрында Денис Тенге арналған қойылым сахналанады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ARTиШОК театры жаңа маусымда Денис Тенге арналған спектакльді сахналайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Театрдың 18-маусымында қазақстандық фигурист Денис Тенді еске алу үшін арнайы жоба жоспарланған. Спектакль баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде қайғылы қазаға байланысты жарияланған жазбалар желісі бойынша құрылады. Театр әртістері бұл мәтінді сахнадан әдеби шығарма ретінде оқиды. Қойылым театр репертуарына енеді. 

«Рухы мықты адам - бүгінгінің Гамлеті. Ол өз ойын, пікірін, ұстанымын ашық айта алады. Денис Тен арамыздан кеткен сәттен бастап бірнеше күн толасатамаған жазбалардың қазір ұмытылып бара жатқаны қынжылтады. Себебі, естелік мәңгі емес, ал Фейсбук лентасы күнде жаңарады. Біз сол кездегі жазылған, ақтарылған сезімдерді қайта оқып, көрермен есіне салғымыз келеді»,-деді театр директоры Анастасия Тарасова. 

ARTиШОК театрының жаңа маусымы 20 қазан күні «Гамлет» спектаклінің тұсаукесерімен ашылады. Қойылым режиссері - Галина Пьянова, суретшісі - ташкенттік Александр Барковский мен театрдың бас суретшісі Антон Болкунов.

Соңғы жаңалықтар