Алматы Тәжікстанмен ынтымақтастықты күшейтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Тәжікстанның Бас консулы Баходур Назирді қабылдады, олар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастар перспективаларын кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев дипломат көтерген мәселелер қарастырылатынын және «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы жүзеге асыруға ұсынылатынын атап өтті. Біріккен жобаларды орындау үшін қаланың кәсіпкерлері шақырылатын болады.

Кездесу барысында, Баходур Назир басты бағыттардың бірі ретінде Алматыға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді қарастыруды ұсынды.

Бұған қоса, тараптар мәдениет саласында да өзара іс-қимылдың қажет екендігіне назар аударды. Алматылық шығармашылық ұжымдар Душанбеде, ал тәжіктер Алматыда өнер көрсететін болды.

Соңғы жаңалықтар