Алматы тауындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокуратураның Алатаудағы 5 га жайлауды мемлекет меншігіне қайтару туралы арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, Қарасай ауданы әкімінің шешімімен Казачка жайлауындағы 5  га жер 2002 жылы «Интер Инвест» ЖШС берілген. Бұл жерде спорттық- сауықтыру кешені салынуы керек болатын.

 2015 жылы бұл ЖШС жерді «SPM Grupp» компаниясына сатқан. Алайда, жер Іле Алатауы ұлттық паркінің территориясында болған соң ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатқызылды.

ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 5- бабына сәйкес мұндай территориялар мемлекет меншігінде болуы тиіс. Осы орайда,  аудан әкімінің шығарған шешімі заңсыз болғаны белгілі.

Мұның нәтижесінде  жасалған мәміле мен келісім шарттардың әділет органдарындағы тіркеуі де заңсыз болып табылады. Экономикалық сот прокуратураның осы арызын қанағаттандырды.

Соңғы жаңалықтар