Алматы тауында жоғалған адам екі күннен бері табылмай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық құтқару жасағының мамандары Алматыдағы тауда жоғалған ер адамды екі тәулік бойы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 желтоқсанда Республикалық жасақтың кезекші пультіне 35 жастағы ер адам Титов ауданы маңында адасып кеткені туралы хабар түскен.

«Ол күндіз тауға шығып, қайтарда соқпағынан адасқан. Қараңғы әрі суық болғандықтан өз бетімен төмен түсе алмаған. Кинологиялық топ ер адамды іздеуге жолға шықты. Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, іздестіру жұмысы түні бойы жүргізілді. 12-14 желтоқсандағы іздестіруге 39 құтқарушы, 5 кинологиялық құрам, 6 көлік жұмылдырылды», - деді баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда жасақ құтқарушылары Құмбелсу өзенінің бойымен жоғалған адамның соңғы геоллокациясына бара жатыр.

Құтқарушылар ауа райының бұзылғанына қарамастан іздестіруді тоқтатпады. Әзірге ешқандай жаңалық жоқ.


Соңғы жаңалықтар