Алматы тауында жарақаттанған қыз құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы қаласының тауларында жарақаттанған қызға дер кезінде көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, кеше Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы, Медеу ауданында, Мыңжылқы үстіртіндегі метеостансасы ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы дүниеге келген қыздың аяғын жарақаттап алғаны және оған көмек қажет екендігі туралы ақпарат келіп түскен.

«РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Қыз құлап, тізесін жарақаттап алған екен. Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен қызды Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды», - деді министрліктің ресми өкілі.


Соңғы жаңалықтар