+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматы тауында жарақаттанған ер адам құтқарылды

2021 жылғы 17 мамыр 21:30
Бөлісіңіз:
Алматы тауында жарақаттанған ер адам құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы қаласының тауларында жарақаттанған ер адамға дер кезінде көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы хайуанаттар бағында пілдер мен керіктер қалай өмір сүріп жатыр Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды Алматыда субурқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне 16 мамыр күні Қимасар шатқалында қолынан жарақат алған ер адам туралы ақпарат түсті. Ол өз бетінше қозғала алмады.

Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) сарбадары төтенше жағдай болған жерге аттанды.

«Құтқарушылар қолын жарақатап алған жігітті тез тауып алды. Оның жанында бір адам болған. Ол зардап шеккен туриске төменге түсуге көмектесті. РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жігітті Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ-нің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар туристерді тауда сақ болуға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT