Алматы тауында талмасы ұстаған жігіт құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Іле Алатауында талмасы ұстап қалған жігіт құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
10 тамызда 9 турист Қарлытау шыңына шыққан. Кешке таман Богданович мұздығында (3700 метр) ерлердің бірінің жағдайы нашарлай түскен. Мұрнынан қан кетіп, 40 минуттай дірілдеген жігіт өздігінен таудан түсе алмаған.
Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші нөміріне 11 тамызда түн уақытында жігіттің қасындағы адамдар хабарласқан.
Құтқару жасағының 7 мүшесі, кинологиялық құрам оқиға орнына аттанған.
Аспалы жол істемей тұрғандықтан, құтқарушылар Шымбұлақтан Талғар тауының сол жағына жаяу түсіп, ары қарай Боданович мұздығына жаяу жеткен.
Қараңғы түнде, үгіліп тұрған қорым тастармен жоғары өрмелеуге тура келген.
Таңға жуық бөгелген туристер табылды. Ауырған адам қасынағы адаммен бірге таудың етегіне дейін аман-есен түсірді.
- Аида Балаева Алматыда «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
- Англиядағы су тасқыны: Екі мыңнан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды
- ОАР-да медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
- Алматыда дәрігерлер қатерлі ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірін құтқарып қалды
-
Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді
-
Балқашта жол апатынан екі адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам