Алматы тауында қалған әйелді құтқарушылар аман алып қалды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауларында тоңып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 тамызда таңертең Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшілік пультіне Үлкен Алматы көлінің (БАО) төбесіне бір әйелдің жалғыз өзі шығып кеткені туралы ақпарат түсті.Таңертең ол қатты тоңып,таудан өзі түсе алмаған.
«Оқиға орнына құтқару тобы шықты. Айта кету керек, қалада түні бойы жаңбыр жауып, салқын болды. Тауда жаңбыр қарға айналды, температура нөлге жақын еді.Қатты тоңып қалған әйел орналасқан жерін түсіндіре алмады, үнемі шатастырып отырды.Үлкен Алматы көлі аймағында құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады»,- деп атап өтті Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстары аяқталғанша, жедел кезекші тауда қалған әйелмен байланыста болды. Құтқарушыларға кез келген қосымша ақпарат бірден радиобайланыс арқылы жеткізілді.
Сонымен қатар, әйелді үнемі сөйлетуге тура келді, оның өміріне қауіп төнді.
Біраз уақыт өткенен кейін жұмыс тобы туристік шыңнан бір әйелді тапты. Әйел жерде, шатырсыз және ұйықтайтын қапсыз, жеңіл киімде отырды. Ол қатты тоңып қалған. Әлсірегендіктен, өздігінен жүре алмады, тіпті отыру үшін де біреудің көмегіне мұқтаж болды. Құтқарушылар зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, аяқ-қолын жақсылап ысқылап құрғақ және жылы киімдер кигізді. Содан кейін ұйықтайтын қапқа жатқызып, зембілмен тасымалдауға кірісті.Таулы аймақтан төмен түсуге тайғақ жермен, ылғалды қар қиындық туғызды.
«Тауға жалғыз бармаңыз, егер сіз түнеуге барсаңыз, онда қосымша жабдықтар мен жылы киімдерді ұмытпаңыз. Ал жаз мезгілінде де тауда түн салқын болады. Жауын тіпті қар да жауып кетуі мүмкін», - деп ескертеді құтқарушылар.
- Алматыда имамдардың аймақтық форумы өтті
- Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы 309 үйді заңдастыруды қолға алды
- Ақтөбе облысында киік атқан браконьерлер ұсталды
- Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
-
Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді
-
Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам