Алматы тауында аяғы сынған әйел құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауында аяғы сынып қозғала алмай қалған әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай туралы хабарлама бүгін таңғы 7:24-те түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар экипажы жіберілді.

Олардың айтуынша, 30 жастағы әйел жолдасымен шаңғы теуіп жүріп, аяғын сындырып алған.

Жосалыкезең асуына жеткенде екеуі құтқарушыларға хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелдің аяғын таңып, альпинистік құралмен таудың етегіне түсірді.

Сол жерден оны жедел жәрдем бригадасы алып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар