Алматы тауларында жоғалып кеткен шетел азаматы табылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы тауларында жоғалып кеткен Ресей азаматы табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы тауларында жоғалып кеткен Ресей Федерациясының азаматы табылды. Ол дін аман. Оны орманшы тауып алды. Шетелдіктің артынан құтқарушылар жөнелтілді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы тауларында Ресей азаматы Михаил Шабалиннің тауға шығып адасып қалғаны туралы хабар бергендігін жазғанбыз. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару отряды Ресей Федерациясының азаматын Алматы қаласының Апаттар медицинасы орталығының жеткізді. Ол медициналық тексеруден соң үйіне қайтты.

Соңғы жаңалықтар