Алматы тауларында жоғалған туристі дронмен іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында жоғалып кеткен туристі іздеуге дрон аппараты жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле Алатауында жоғалып кеткен 42 жастағы Әлия Қамиеваны іздеуге 30 адам шықты.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу 30 адам мен жеті техника жіберілді. Оның ішінде, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 109-құтқару қызметі, еріктілер бар. Сонымен қатар, пилотсыз ұшу аппараттары тартылады», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап жатыр.



Соңғы жаңалықтар