Алматы тауларында тас пен қар көшкіні болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында орналасқан Алатаудың Түрген шатқалында қар көшкіні болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Қазселденқорғау» ММ хабарлады.

Түрген-өр Батан   автожолының 20 шақырымында 3 текше метр тас, 23 шақырымында көлемі 15 текше метр қар түскен. Мамандардың айтуынша, қар көшкіні таудағы қысымның өзгеруінен болған.
null

Сонымен қатар, жолдың 25 шақырымында өзен арнасында мұз бөгетінің пайда болуына байланысты 30-35 метр аумаққа су жайылды.
null

Қазір апат салдары толығымен қалпына келтірілді. Түрген өзенінің ағыны орнына келді. Автожол арқылы көліктер жүріп жатыр. Гидрометеорологиялық жағдайдың өзгеруінен көшкін қаупі сақталады.

«Қазселденқорғау» ММ Есік және Түрген өзендерінің шатқалдарындағы көшкін қаупі себебінен аудан басшылығына жолаушылар жағдайын бақылау туралы хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар