Алматы тауларында шетел азаматы жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің 35 жастағы азаматы Алматы тауларында жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Михаил Шабалин таң ата тауға кеткен. Оның жақындарының сөзінше, Михаил Фурманов шыңына көтерілмек болған. Сол күні кешкісін ол отбасы мүшелеріне өзінің адасып кеткенін хабарлаған. Осы уақытта оның телефоны өшірулі тұр.

«Жоғалған азаматтың жұбайы сағат 18-00-дер кезінде телефон шалып, күйеуінің жоғалып кеткенін хабарлады. Алайда ол өзі орналасқан жердің бағыт-бағдарын беріп үлгерген. Сосын оның телефоны сөніп қалған. Бірнеше сағат болды, біз оның қайда екенін білмейміз. Ешқандай ақпарат жоқ. Жоғалған азаматты іздестіруге төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен жергілікті тұрғындар да кірісті»,-деді жоғалған азаматтың жұбайы Марина Шабалина.null 

Ол өздерінің ресейлік екендіктерін ал Алматыға жұмыс бабымен келгендіктерін де айтты.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жоғалған адамды іздеуге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару отрядының сарбаздары, кинологтар мен Алматы қаласының Құтқару қызметінің өкілдері жұмылдырылған.

Мая Теңізбаева

Соңғы жаңалықтар