Алматы тауларында құтқару операциясы жүргізілді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы тауларында құтқару операциясы жүргізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар саласының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатаудағы Фурманов шыңына апаратын жолда 63 жастағы азаматша аяғын жарақаттап алып, өздігінен қозғалуға шамасы жетпеген. Мұндай хабар Алматы ТЖД жедел кезекшісіне 17 масуым күні сағат 15:45-те түседі.

Сағат 15:53-те ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару тобы құрамында 6 адам, кинологиялық қызмет, автокөлік техникасымен жолға шығады.

«Кіші Алматы шатқалында өзенді қарайтын топқа радио байланыс арқылы хабар жіберіліп, жарақат алған адамды құтқаруға жұмылдырылды. Топ жедел түрде жапа жегушіге қарай көтеріледі. Осы сәтте оқиға орнына екінші құтқару тобы да келіп жетті. Жарақаттанған әйел таудан түсіру жұмыстарынан кейін, Кім Асар шатқалында жедел көлікке орналастырылды. Әрі қарай жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды»,-деп мәлім етті ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тауға шығар алдында тұрғындарға қауіпсіздік ережелеріне мұқият болуды ескертеді. Тауға арналған киім мен аяқ киімнің жайлы болуы шарт. Өзімен бірге алып жүруге тиіс заттардың ішінде жылы киім, мобильді телефонды қосымша қуаттандыру көзі, от тұтататын құрал міндетті түрде болу тиіс.

Сондай-ақ мүмкіндігінше GPS бағытатушысын қалтаға салып жүрген абзал. Шыңға шығу үшін оңай жолды таңдау керек. Тіпті ол алыс жол болған күнде де жартасты жер болмағаны дұрыс.

Топтан ажырамай бірге көтерілген жөн. Қозғалыс қарқынын топтағы ең баяу адамның жылдамдығымен белгілену керек. Тұманды күні немесе қас қарайған шақта тауға шығуды кейінге қалдырған дұрыс.

Соңғы жаңалықтар