Алматы тауларында көшкін жүруі ықтимал

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 1-4 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады департаменттен.

Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады, сонымен қатар тұрғындарға тауда абай болуға кеңес берді.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Қазақстанда мереке күндері 36 градусқа дейін күн ысиды. Бірақ циклондар да көп күттірмейді – 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар