Алматы тауларында қауіпті 8 мориналды көл бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде сел ағыстары мен өрт болған кезде қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың ұсыныстарына сәйкес таулы аудандарда сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі модернизациялануда. Бұл климаттың өзгеруіне, селдің әсеріне ұшыраған аумақтар шекараларының кеңеюіне, сонымен қатар сел құбылыстары туралы жаңа білімдердің жинақталуына, селден қорғау құрылымдарының тиімділігіне, жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты.

Қала маңында 45 моренді көл бар, оның 15-і тұрақсыз деп саналады, ал 8-і өте қауіпті, мұнда жыл сайын оларды босату үшін превентивті жұмыстар жүргізіледі.

«Сондай-ақ, Аюсай және Ақсай шатқалдарында 2023 жылға дейін аяқтаулы тиіс екі сел бөгетінің құрылысы басталды. Бөгеттердің құрылысы 40 мыңнан астам халықтың және инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Селге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде заманауи техникалық құралдар қолданылады. Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде сел мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүруде»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Жоба аясында «Қазселденқорғауда» және Төтенше жағдайлар департаментінде автоматтандырылған жұмыс орындары бар 31 станция салынуда. 2019 жылы 10 станция іске қосылды, қалған 21-і биыл пайдалануға беріледі.

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада қажетті инфрақұрылымды құру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Соңғы 5 жылда 58 бірлік автокөлік сатып алынды. Биыл қосымша 40 бірлік сатып алу жоспарланып отыр, бұл өрт сөндіру машиналары паркінің жабдықталуын 52%-дан 65%-ға дейін арттырады»,- дейді қала басшысы.

Сонымен қатар, ол қаланың өсіп келе жатқан аумақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы толық ауқымды және тиімді жұмыс жасау үшін 18 депо салу қажет екенін атап өтті. Қазірдің өзінде үш өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр, Алатау және Наурызбай аудандарындағы екі депоның құрылысы аяқталып қалды.


Соңғы жаңалықтар