Алматы тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күннің жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және күннің ысуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2300 метр биіктігінен жоғары аумақта) бассейнінде 19-23 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады»,– деп хабарлады ведомстводан.

ТЖД тұрғындарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар