
18:35
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауда қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дауылды алдын ала ескерту негізінде жауын-шашын мен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты 11 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлаймыз»,- деді департаменттен.
Ведомство қар көшкінінің жүру ықтималдығына байланысты, қала тұрғындарына тік, қарлы тау беткейін бармауды ұсынады.
Сондай-ақ, тауға барған күнде барынша сақ болуға шақырады.