Алматы тауларында Дана атты қар барысы балаларымен бірге серуендеп жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы тауларда бірнеше қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Видеоны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Камерамызға жаңа көріністерді түсіріп алдық! Дана әлі күнге дейін балаларын мәпелеп жүр. Ал олар анасынан да үлкен болып өсіп кеткен. Өздері тамақ тауып жесе болады ғой. Күшіктердің жағдайы жақсы сияқты. Терісі жылтырап тұр, аш-арық емес. Бұл жақсы» деп жазды Ержан Еркінбаев.

Еске сала кетейік, Дана атты ұрғашы қар барысы жыл басында екі баласымен видеоға түсіп қалған еді.

Таяуда Алматы тауларында екі қабыланның күйек кезіндегі «әңгімесі» әлеуметтік желіде тараған болатын.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тарихында алғаш рет үш бірдей қар барысы 2018 жылдың желтоқсанында көзге түскен .



Соңғы жаңалықтар