+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алматы тауларында бір қыз адасып кетті

2021 жылғы 27 қыркүйек 14:59
Бөлісіңіз:
Алматы тауларында бір қыз адасып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған қызға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы «сары» аймаққа өтті дегенмен босаңсуға әлі ерте - дәрігер Алматы «қызыл» аймақтан шықты Алматыда «Бюджетке қатысу» жобаларына дауыс беру басталды

26 қыркүйекте Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне, тауда адасқан қыз туралы ақпарат келіп түсті.

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің айтуынша, бойжеткен Құмбелсу шатқалына дейін жалғыз өзі бағыт алған, алайда соқпақтан адасып кеткен. Абырой болғанда турист геолокациялық мәліметті жіберген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы шақырылды. Топ жетекшісі Құмбелсу шатқалынан туристке қарай түсуге шешім қабылдады.

Күннің батып кетуі жолдан адасып кеткен туристі іздеуге қиындық туғызды

Соған қарамастан, қыз тез табылды, ол жолдан 200 метр қашықтықта болды.

Жедел топ жоғалған туристті 27 қыркүйек күні таңертең Медеуге дейін түсіріп, туыстарына аман-есен тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT