Алматы тауларында әйелдің мүрдесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларында әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында 40-45 жас шамасындағы еуропа нәсілді әйелдің денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Таңертең жүгіруге шыққан ер адам әйелдің жансыз денесін тауып алып, полиция шақырған.

Оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде таралып жатыр.


Соңғы жаңалықтар