Алматы тауларында адасып кеткен Грекия азаматы құтқарылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Волчья гора» шыңында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының құтқару қызметінің мәліметінше, «109» нөміріне 8 маусым күні сағат 21:37- де Грекия азаматы Г. «Волчья гораға» шығып, сол күйі оралмағаны туралы хабар түсті.

«1968 жылы туған туристің жоғалып кеткені туралы ақпаратты ол тұрақтаған хостелдің иесі хабарлады. Айтуынша, турист оның телефонына орналасқан жері мен «қайтар жолдан адасқаны» жайлы хабарлама жіберген»,- деп атап өтті Алматы қаласының құтқару қызметінен.

Құтқару қызметінің құтқарушылары соңғы геомәлімет бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі сағат 01:11-де жоғалған азаматты тауып, таудан түсірді. Турист дін аман, медициналық көмек қажет болмады.


Соңғы жаңалықтар