Алматы тауларында адасып кеткен ерлі-зайыптылар құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 мамыр күні республикалық жедел-құтқару жасағына «Лесная Сказка» демалыс аймағында адасып кеткен ерлі-зайыптылар туралы хабарлама түсті.

Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару тобы мен кинологиялық жасақ жолға шықты.

«Қолда бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, республикалық жедел-құтқару жасағы мен демалыс аймағының құтқарушылары ерлі-зайыптыларды тез тауып алды. Туристерді автотұраққа дейін жеткізіп, туыстарына тапсырды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар