Алматы тауларына ғашық болдым -Олимпиадаға Аргентинадан келген қатысушы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы информатикадан Халықаралық олимпиадаға (IOI-2015) қатысу үшін келген аргентиналық оқушы Максимилиано Редигонда Қазақстанның оған туған жерін еске салатынын айтты.

«Елдеріңізге бір көргеннен ғашық болдым. Қазақстанның мәдениеті, табиғаты Аргентинамен ұқсас деп санаймын. Егер Қазақстанға тағы бір рет келу мүмкіндігі туындаса, мүдірмей келісемін», - деді ол.

Аргентиналық оқушы Медеу мен Шымбұлаққа жасаған экскурсияның барысында оның тобын тау пейзажы ерекше әсерде қалдырғанын қосып айтты.

«Тауларды өте қатты жақсы көремін, өзім шаңғы тебемін. Алматы тауларына ғашық болдым. Оны суретке көп түсірдім, оларды Аргентинадағы достарыма көрсеткім келеді. Мүмкін болашақта осында бірге келерміз», - деп бөлісті жоспарларымен М.Редигонда.

Еске сала кетейік, осы күндері Алматыда информатикадан XXVII Халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған әлемнің 83 елінен келген 324 оқушы қатысуда.

Бүгін қатысушылар бірінші экскурсияға шықты:балалар «Медеу» спорт кешені, Шымбұлақ тау-шаңғы кешені және Қазақ мемлекеттік циркіне барды.

Соңғы жаңалықтар