Алматы тауларына 7 см қар түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райы суытып, қар аралас жауын жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Жауын таңғы 6:00-де басталды. 3 сағатта таулы аймақтарға түскен қардың биіктігі 7 см-ге жетті.

«Алматыда көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 180 тонна көктайғаққа қарсы құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты», - деп мәлім етті қалалық табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Қазір қалада қар тазалауға 1840 жұмысшы, 454 арнайы көлік жұмылдырылған.

Синоптиктер 12 қарашада қар жауып, үсік жүреді деп болжап отыр. Соған байланысты автокөлік иелеріне дөңгелек ауыстыру керектігі тағы да ескертілді.

Соңғы жаңалықтар