Алматы тау бөктерінен қара топырақты заңсыз тасу әлі де жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларынан қара топырақты заңсыз тасымалдайтындар саны азаяр емес. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің мәліметінше, биылғы жылдың үш айында қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің қызметкерлері Медеу ауданының табиғатты қорғау полициясы бөлімімен бірлесіп «Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережелерін» бұзғаны үшін 2,9 млн тенгеге 184 хаттама толтырды.

«Айта кету керек, тау бөктерінен қара топырақты заңсыз тасу фактілері әлі де жалғасуда. Мұнда біз экологтармен, блогерлермен және полиция қызметкерлерімен бірге рейдтер жүргіземіз», - деді Әсет Масабаев.

Сонымен қатар, ол биыл ауданда 41 750 тал отырғызу жоспарда екенін тілге тиек етті.

«Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін аудан әкімінің аппараты 360 тал отырғызуды жоспарлап отыр, оның 280-і отырғызылды, жеке серіктестер тарапынан 1340, оның ішінде 860 отырғызылды және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен – 40 050, оның ішінде 3 мың тал отырғызылды»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар