Алматы тау бөктерінде белгісіз біреулер қара топырақты заңсыз тасыған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларынан қара топырақты заңсыз тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті аталған дерекке байланысты түсінік берді.

«Заң бұзушылар ҚР ҚК 505-бабымен (қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережесін бұзу, инфрақұрылым нысандарын, жасыл желекті жою) іс тіркелді. Олардың әрқайсысына 30 АЕК (83340 тг) көлемінде айыппұл салынды», - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мұның алдында полиция қарап топырақ ұрлағандарды ұстаған болатын.

Айта кету керек, апорт алма бағын шауып, құнарлы қара топырағын көлікпен алып кетпек болған.

Алматы қаласы Экология департаментінің қызметкерлері осындай заңбұзушылықтар мәлім болған жағдайда 87015055505 нөміріне хабарласуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар