+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның жағдайы ауыр-дәрігер

2020 жылғы 7 тамыз 14:01
Бөлісіңіз:
Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның жағдайы ауыр-дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның өмірі қыл үстінде тұр.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлытауда Camry 15 жолаушысы бар Sprinter-ге соғылып, өртеніп кетті Шымкентте үш баланың өліміне себепші болған дезинфектор сотталды Алматылықтар коронавирустың болуы ықтимал жаңа толқынына қалай дайындалып жатыр

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қордай аудандық Орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Марина Чаяхметова айтты.

Зауытбек Нұрдәулеттің жағдайы жақсарғандықтан, оны туыстары Алматыға алып кеткен.

Ал Шыңғысхан Мұхаметқалиевтің жағдайы әлі ауыр.

«Шыңғысхан әлі травматикалық комада жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Ол ауыр ми жарақатымен түскен болатын. Миына қан кеткен. Басына трепанация жасалды. Ұйыған қан алынды. Әзірге жағдайында өзгеріс жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз. Қолдан келген барлық ем жасалып жатыр», - деді Марина Чаяхметова.

Маманның айтуынша, Нұрдәулет Зауытбек ауруханаға орташа ауыр халде түскен. Ақыл есін біліп түскен. Сондықтан, спортшының денсаулығы тез оғалған көрінеді.

«Жақын арада спортшы үйіне шығады. Оған амбулаториялық бақылау көрсетілген»,- деді дәрігер.

Бұған дейін қазақ спортындағы қайғылы оқиға туралы жазған болатынбыз.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Карабалаев, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тас жолында бойындағы жол апатынан қаза болған еді.

Ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бір күннен кейін ауруханада қайтыс болды.

Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев Қордай аудандық Орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT