Алматы-Талдықорған тасжолындағы оқиға желіні шулатты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Талдықорған тасжолында көлік жүргізуші жол жиегінде тұрған полиция қызметкерлеріне шүйлігіп, «Крис П» фоторадар кешенін алып тастауды талап етті. Өз әрекетін камераға түсіріп отырған азаматтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көлік жүргізушісінің айтуынша, полицейлер «Крис П» қондырғысын Алматы-Талдықорған тас жолының Сарыөзек ауылынан кейінгі тұсына орнатқан. Тәртіп сақшыларынан өздерін таныстыруды талап еткен ол, фоторадар кешенін орнату себебін сұраған.
«Егер радар жайдан-жай тұрған болса, онда мен оны алып кетуіме бола ма?» деп сұрады ол. Алайда, өз әрекетін түсіндіре алмаған құқық қорғаушылар жүргізушінің талабын орындап, «Крис П» құралын қызметтік көліктің жүксалғышына салуға мәжбүр болған.
Бұл оқиғаны Алматы облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды. Департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиевтің айтуынша, «Крис П» жылжымалы фоторадар кешені жол бойындағы әртүрлі заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында қойылған.
«Ол, ең алдымен, автожолдың сол учаскесіндегі жылдамдық тәртібін бұзу фактілерін анықтайды. Аталған құрылғының тиісті құжаттары, яғни сертификаттары бар», - дейді баспасөз қызметінің өкілі.
Сондай-ақ, Серік Үпиев тәртіп сақшылары мен жүргізуші арасындағы түсінбестікке қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтіп, тексеру қорытындысы бойынша жағдайға құқықтық баға берілетінін тілге тиек етті.
- 31 мың отбасы үйдегі пешке тексеру жүргізуден бас тартқан - ІІМ ТЖК
- Әзербайжан халқының саны белгілі болды
- Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін шамдар орнатылады
- Павлодар облысында қасқырлар саны күрт азайып кетті
-
Ақтауда директор мен тәрбиешінің «төбелесі»: Ата-аналар ақшаларын қайтаруды талап етті
-
13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам