Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Instagram мен WhatsApp-та ресми аккаунт ашты. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді Алматылықтар Instagram және WhatsApp-та (8 702 683 77 83) сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларымен, фото, бейнероликтермен бөлісе алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының жедел-тергеу бөлімдері жүргізетін болады. Олар сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алумен, жолын кесумен, анықтаумен, тергеумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар