Алматы судьялары сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы судьялары сот жүйесінің ардагерлерін дәстүрге сай 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мейрамымен құттықтады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ерекше назарда болды. Судьялар Одағының Алматы филиалының төрағасы Нұрділлә Сейітов пен бірқатар судьялар сот саласына еңбегі сіңген ардагерлер - Рысмендиев Баян Рысмендіұлы, Нұрбеков Марат Нұрбекұлы, Соломина Анна Владимировна, Ткачева Ольга Василевна, Нурания Абдельшіқызы, Құттыбаева Жамиля Байжанқызы, Тохметов Болат Тохметұлы, Кременцова Любовь Дмитриевна, Башаримова Людмила Илларионовна, Пірімжанова Болман Пірімжановна, Наталья Федоровна Уливанованы құттықтап, үйлеріне барды.

«Осы жылдар бойы біздің жанымызда болғандарыңыз үшін және де осы керемет мереке күнінде сіздерге құттықтау лебізімізді білдіру мүмкіндігі туғанына біз өте қуаныштымыз. Сіздер соттық корпусының «Алтын қорысыздар» және Қазақстан заңдылығының мақтанышы болып табыласыздар. Сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз бен сарқылмас энергияларыңыз біздің жас әріптестерімізге үлгі. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз», - деді Нұрділдә Сейітов.

Соңғы жаңалықтар