Алматы судьялары балалар үйінің бүлдіршіндерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотында Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Қалалық соттың төрағасы Ақжан Ештай Мемлекет басшысының ел экономикасы мен әлеуметтік жетістікке қосқан үлесін айта отырып, сот қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.

«Ел Президенті - тәуелсіз елдің конституциясы, бірлігі, бостандығы мен еркіндігінің кепілі. Мемлекет басшысының осы бағытта жеткен жетістігі халық тарапынан үлкен құрметке ие. Сондықтан, 1 желтоқсан біздің тарихымызда мәңгілік қалады», - деді А.Ештай.

Мереке қарсаңында сот жүйесі саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Сондай-ақ, қалалық сот басшылығы №2 балалар үйіне барып қайтты.

«Елбасының сарабдал саясатының, тұрақты қамқорлығының арқасында елдегі балалар үйлерінің жағдайы жақсара түсуде. Осындай отбасылық типтегі №2 балалар үйінде де бүлдіршіндер мейірімге қанып өсіп келеді. Сот жүйесінің қызметкерлері оларға түрлі базарлық әкелсе, балалар қонақтарға өз өнерлерін паш етіп, концерт қойып берді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар